Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2015 жылғы 26 ақпандағы № 61/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 114/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, сәйкес Ертіс ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2015 жылғы 26 ақпан "Ертіс ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 61/2 қаулысының (2015 жылдың 19 наурыздағы Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4381 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірдегі № 13, 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Ертіс Нұры" және 2015 жылғы 4 сәуірдегі № 13, 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады