1. Малдардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша кешенді ветеринарлық шараларының өткізілуіне байланысты Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне салынған шектеулі шаралар алынсын.
2. Бұрын, 2015 жылғы 06 қазанда қабылданған, Панфилов ауылдық округінің "Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы" № 4 шешімінің (Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінің нормативті - құқықтық актісінің тізілімінде 2015 жылдың 22 қазандағы № 4764 тіркелген, аудандық "Ертіс нұры" газетінде 2015 жылдың 31 қазандағы № 43 және "Иртыш" газетінде 2015 жылдың 31 қазандағы № 43 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Панфилов ауылдық округі әкімі | А. Кәрібаев |