Верненка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 2-19/302 ұсынымхаты негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Верненка ауылдық округі Львовка ауылы "Вильгельм" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың лейкоз ауруымен ауру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары тоқталсын.
      2. Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 7 қазанда № 4753 болып тіркелген, 2015 жылы 15 қазанда "Тереңкөл тынысы" № 41, 2015 жылғы 22 қазанда "Заря" № 42 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Верненка ауылдық округ әкімі Г. Ахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады