Шектеу іс-шараларын алу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 тамыздағы № 1-03/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Лебяжі ауданының Шарбақты ауылдық округі Шарбақты ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Святілғазы" шаруа қожалығы аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Лебяжі ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5102 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 мамырда № 19 "Аққу үні – Вести Акку" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Ауылдық округ әкімі Т. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады