Павлодар аудандық мәслихатының шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4/29 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және аудан әкімінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 33/5-22/727 ұсынысының негізінде, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар аудандық мәслихатының (4 шақырылған 25 кезектен тыс сессиясының) 2011 жылғы 17 ақпандағы "Павлодар ауданы елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуге қосымша регламенттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-11-136 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 наурызда "Заман тынысы" № 10 аудандық газетінде жарияланған) № 25/238 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
      Сессия төрайымы Ә. Әбілғазинова
      Мәслихат хатшысы Қ. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады