Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 137/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2016 жылғы 22 қаңтардағы "2016 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмысқа орналасуға мұқтаж интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары үлесін белгілеу туралы" № 10/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 ақпандағы № 4924 болып тіркелді, 2016 жылғы 25 ақпандағы аудандық № 8 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады