2016 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмысқа орналасуға мұқтаж интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары үлесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 10/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 4924 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 137/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 137/3 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, 21 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес құқықтық-атқарушы инспекциясының пробация қызметінде тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының үлесін белгілеу:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
      интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
      2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалар, сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне тиісті жұмыс берушілерге жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады