1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 28 қарашадағы № 4/1030 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1013 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) бір апта мерзімде әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) бір апта мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |