«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 29-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 273 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9023 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 11 қаңтарда № 6 (28230), «Казахстанская правда» 2014 жылғы 11 қаңтарда № 6 (27627) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, баспасөз басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жолдауды;
2) бұйрықтың күші жойылды деп тану және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастау туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы