Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 желтоқсанда № 9023 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 36 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 09.02.2016 № 36 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр қызметі басқармасы:
      1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдар интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы от «___» ________
№ _______ бұйрығымен   
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiне (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидалары) (бұдан әрі - Кодекс), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қызметшілерінің атқаратын лауазымдарына қарамастан, міндеттерін орындау барысында, әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынас кезінде олардың қызметтік мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды.
      3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) өзінің міндеттерін тиісінше орындауға, нақты қалыптастқан жағдайды ескере отырып жұмысты ұйымдастыруға және жоспарлауға;
      2) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтiк мiндеттерiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге, басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
      3) өзі басқаратын құрылымдық бөлімшенің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық міндеттерінің, тапсырмалардың сапалы орындалуына жауапты болуға;
      4) адамгершілік мінез-құлықтың үлгісі болуға;
      5) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
      6) турашыл болуға, өзінің кәсіби қызметіне ешкімнің, соның ішінде өзінің туыстарының, достарының немесе таныстарының ықпал етуіне жол бермеуге, өзінің турашылдығын бұзуға, лауазымдық міндеттерін орындауына әсер етуі мүмкін жеке, қаржылық және іскери қатынастардан тартынуға;
      7) өзіне жүктелген міндеттердің объективті орындалуына күмән келтіруі мүмкін кез келген әрекеттер мен шешімдерден тартынуға;
      8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үдерісінде басқа тұлғаларға сабырлылық, сыпайылық, әдептілік және сыйластық көрсетуге, осыны қарамағындағы қызметкерлерден талап етуге;
      9) қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы сақтауына дербес бақылауды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі уақтылы және жан-жақты шараларды қабылдауға;
      10) осы Қағидалардың талаптарының бұзылу фактілеріне принципті тұрғыда ден қоюға, кінәлілердің жауапкершілігімен қатар, өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені көтеруге дайын болуға;
      11) қызметтен тыс уақытта жалпы жұрт қабылдаған этика нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық оқиғаларына жол бермеуге;
      12) Министрліктің алдына қойылған міндеттерді дұрыс түсінумен, осы міндеттерді бірлесіп шешуге ниеттілікпен және қабілеттілікпен, ұжымда жұмыс істеу жайлылығының деңгейімен, мейірбан және ашық қарым-қатынастармен, ұжымның салмақты жөн-жоралғыларымен сипатталатын ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз етуге;
      13) қарамағындағылардың қарым-қатынасын дәйексіз мәліметтердің таралуына, әділетсіздіктің орын алуына жол бермей, этикалық нормалар негізінде реттеуге;
      14) кәсіби қызмет әдістерін әзірлеуге, нормативтік құқықтық базаны дамытуға, қарамағындағыларды нормативтік құқықтық актілермен уақтылы жабдықтауға, олардың кәсіптік деңгейін арттыруға қамқорлық көрсетуге;
      15) әріптестеріне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мінез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;
      16) өзінің жұмысын білікті орындауға, оның тұжырымдары, қорытындылары, ұсынымдары және басқа да құжаттары дербес біржақтылыққа, соқыр нанымға немесе басқа тараптан көрсетілген қысымға емес, тексерілген әрі объективті қажетті көлемдегі ақпаратқа негізделуі;
      17) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі және құжаттама салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін актілерді мүлтіксіз сақтауға;
      18) өзінің біліктілігін жоғары деңгейде ұстауға, өзінің кәсіби білімін ұдайы жаңартуға, мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі және құжаттама, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл салаларындағы тәжірибелік машықтарын жетілдіруге;
      19) өзінің жұмысында адалдық пен парасаттылық көрсетуге, мейірбан және ашық болуға, кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде адамдарға тиісінше көңіл бөлуге, азаматтық және қызметтік парызына адал болуға;
      20) өзінің жалпы қызметімен Министрліктің беделін бұдан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал етуге;
      21) Министрлік басшылығының оның құзыреті шегінде берілген тапсырмаларын келеңсіз талқылау ұжымдағы моральдық-психологиялық климатқа кері әсер тигізетінін білуге;
      22) өзіне тапсырылған жұмысты адал орындауға, құжаттармен ықыласпен және зер салып жұмыс істеуге, әрқашан Министрліктің мүддесін басшылыққа алуға;
      23) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында объективті және шынайы мәліметтер беруге;
      24) Министрлікпен еңбек қатынастарын тоқтатқан жағдайда қолындағы бар құжаттаманы, ақпаратты, олардың көшірмелерін өзіне қалдырмастан, Министрліктің басшылығына толық көлемде беруге;
      25) бір біріне тілектестік қарым-қатынас жасауға, қарапайымдылық пен сыпайылық танытуға, негізсіз сынауға және әріптестеріне зиян келтіретін өзге де қасақана іс-әрекеттерге бармауға;
      26) бүркеніш немесе мемлекеттік қызметшілерді кемсіту мақсатын көздейтін өтініштердің (арыздардың) қарастырылуына жол бермеуге;
      27) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға тиiс.
      4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби қызметтен тыс жеке қатынастары қызмет бабындағы жоғарылау, көтермелеу немесе жазалау, кадрлық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін негіз болып табылмауы тиіс;
      Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіптік одақтардың және өзе де ұйымдардың өкілдерімен Министрлік құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қарым-қатынастары іскери және сыпайы болуы тиіс;
      5. Лауазымдық өкілеттіктерін орындау барысында алынған ақпаратқа қатысты кәсіби құпияны сақтау жөніндегі міндетті тиісінше орындауда да кәсібилік көрсетуі тиіс.
      6. Министрліктің қызметі мәселелері бойынша көпшіліктің алдында сөз сөйлеуді Мәдениет және ақпарат министрі немесе осыған уәкілетті лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.
      Министрліктің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметтің беделіне нұсқан келтірмей, пiкiрсайысты әдептi түрде жүргiзеді.
      7. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсiнiң мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес емес немесе;
      2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
      8. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Кодекспен және мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады