Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 06 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 241 (2015 жылғы 19 қыркүйекте "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 болып тіркелді);
      2) "Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 242 (2015 жылғы 19 қыркүйекте "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 болып тіркелді).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол койылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады