1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 9 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылғаны танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 3639 болып тіркелген, 2016 жылдың 10 наурызында №10 "Айыртау таңы" және 2016 жылдың 10 наурызында № 10 "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Ә.Ғаббасовқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |