"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 392 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 49 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 392 қаулысының (2014 жылғы 21 тамыздағы № 2915 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 29 тамыздағы №35 (583) "Қызылжар" газетінде, 2014 жылғы 29 тамыздағы №35 (5486) "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады