"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында 2016 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың әрбір басымды түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы" 2016 жылғы 23 тамыздағы № 226 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 268 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, 37-бабының 8-тармағына Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 226 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында 2016 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың әрбір басымды түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы" (2016 жылы 25 тамыздағы № 3876 мемлекеттік құқықтық нормативті актілер тіркеу тізілімінде тіркелген, 2016 жылы 26 тамызда аудандық № 37 "Мағжан Жұлдызы" және "Вести" газеттерінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орандалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Р. Н. Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа еңгізілді.
      Аудан әкімі А. Бегманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады