1. Атырау облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2013 жылғы 29 қарашадағы № 423 "Атырау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2826 болып тіркелген, "Атырау" газетінде 2014 жылы 7 қаңтарда жарияланған);
2) 2015 жылғы 21 тамыздағы № 262 "Атырау облысы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3289 болып тіркелген, "Атырау" газетінде 2015 жылы 24 қыркүйекте жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Ж. Баспаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |