Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 279-V шешімінің (МТН-3322) күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 306-V шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңының 21-1 бабының 2 пункітіне сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 279-V "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіәк тіркеу тізілімінде № 3322 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 45 санында жарияланған). шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің бір данасы облыстық әділет Департаментіне жолдансын.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін бір данасы аудандық "Нарын таңы" газетіне жолдансын.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХV сессиясы төрағасы
К. Нұрманова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады