Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 308-V шешімі

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2 бабын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабын, Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 21-1-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің бір данасы облыстық әділет Департаментіне жолдансын.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін бір данасы аудандық "Нарын таңы" газетіне жолдансын.
      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХХV сессиясының төрағасы:
К. Нұрманова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Кадимов

  Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 308-Ү шешіміне қосымша

Исатай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі:

      1) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 228-V "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3092 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 19 ақпандағы № 7 санында жарияланған) шешімі;
      2) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 228-V "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 240-V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3171 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) шешімі;
      3) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 228-V "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 маусымдағы № 261-V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3255 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 6 тамыздағы № 31 санында жарияланған) шешімі;
      4) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 228-V "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 278-Ү (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3301 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 15 қазандағы № 41 санында жарияланған) шешімі;
      5) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 228-V "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы № 283-V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3382 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51 санында жарияланған) шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады