Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-10 "Қызылқоға аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № XXXVII-2 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-10 "Қызылқоға аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3386 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетіне 2015 жылдың 24 желтоқсанда № 51 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Қызылқоға" газетіне жариялансын.
      Сессия төрағасы: А. Есенжанов
      Мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады