1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Қуанышбековке жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.
Қала әкімі | Ғ.Әбдірахымов |
Шымкент қаласы әкімдігінің "1" маусым 2016 жылғы № 1092 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы әкімдігінің күштері жойылған кейбір қаулыларының тiзбесi
1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 1304 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2746 тіркелген, 2014 жылы 8 тамызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған);2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 204 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3587 тіркелген, 2016 жылы 19 ақпанда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған);
3. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 205 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3588-нөмірімен тіркелген, 2016 жылдың 19 ақпанда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған).