Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 8 маусымдағы № 1125 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:
      "Шымкент қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 мамырдағы № 680 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 тіркелген, 2015 жылы 12 маусымда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған);
      "Шымкент қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 680 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 24 ақпандағы № 333 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3612 тіркелген, 2016 жылы 4 наурызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған);
      2. Осы қаулының орындалуы қала әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы А.Қайыповқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің аппарат басшысы Р.Аюповқа жүктелсін.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады