"Шымкент қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 680 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 24 ақпандағы № 333 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 2 наурызда № 3612 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 8 маусымдағы № 1125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 08.06.2016 № 1125 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 680 "Шымкент қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес бекітілген Шымкент қаласы әкімдігінің регламентi мынадай мазмұндағы 4-1 бөліммен толықтырылсын:
      "4-1. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу
      33-1. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі аппаратпен және атқарушы органдармен өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты жүргізіледі.
      33-2. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
      33-3. Атқарушы орган өзі әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерде сәйкес емес, қарама-қайшы немесе ескірген нормаларды анықтаған жағдайда аппаратқа тиісті ұсыныстар жібереді.
      33-4. Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды.
      33-5. Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
      33-6. Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша бұл актілер қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде қабылдаған шаралар туралы ақпарат аппараттың заң бөлімімен әділет органдарына ұсынылады.
      33-7. Аппарат басшысының бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, тиісті атқарушы органдар аппараттың тиісті бөлімімен бірлесіп, Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген, оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі бекітіледі.
      33-8. Атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына (әрі қарай – Қағида) 2-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілер тіркелімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
      33-9. Жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін (1 маусымға және 1 желтоқсанға дейін) атқарушы органдар аппараттың заң бөліміне жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      33-10. Аппараттың заң бөлімі алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және атқарушы органдармен бірлесіп, олардың түскен сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
      33-11. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін аппараттың заң бөлімі тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан бойынша әкімдік қаулылары мен әкімнің шешімдерінің тізбесін ұсынады.
      33-12. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша аппараттың заң бөлімі Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің нысандары бойынша жеке-жеке жылына екі рет, жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес өздеріне қатысты мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса бере отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ осы Қағиданың 11-тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы ақпаратты және кестенің көшірмесін одан әрі Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін аумақтық әділет органдарына тапсырады.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің аппарат басшысы Р.Аюповқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады