«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 282 ««Б» корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3214 рет тіркелген, 2015 жылы 11 шілдеде «Арыс ақиқаты» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Р.Айтбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі С.Ертай