«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Кентау қаласының әкімі аппараты және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 128 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3195 тiркелген, 2015 жылғы 13 маусымдағы «Кентау шұғыласы» «Кентау» газетiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.
Кентау қаласының
әкімі Ә.Мақұлбаев