«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Б» корпусындағы Мақтарал ауданы әкімі аппараты, Жетісай қаласы, кенттер, ауылдық округтер әкімі аппараттары мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 шілдедегі № 776 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3279 тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Маханбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев