Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мақтаарал аудандық мәслихатының мына шешімдерінің күші жойылсын:
1) ««Б» корпусындағы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 46-291-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3310 тіркелген, 2015 жылғы 28 тамыздағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешімі;
2) «Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 46-291-V «Б» корпусындағы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 қазандағы № 47-308-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3395 тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашадағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешімі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы: О.Дәндібаев