Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 267 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшаларына сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Мамытбеков

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
"08" маусым 2016 жылғы № 267
қаулысына қосымша

Ордабасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 64 "Ордабасы ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 11 ақпандағы № 3579 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2016 жылғы 20 ақпанда жарияланған).
      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 409 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 03 қыркүйектегі № 2798 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2014 жылғы 06 қыркүйектегі жарияланған).
      3. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 422 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Ордабасы ауданы әкімдігінің 13 тамыз 2014 жылғы № 409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 3348 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2015 жылғы 10 қазанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады