Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 409 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қыркүйекте № 2798 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 267 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 08.06.2016 № 267 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 14.09.2015 № 422 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Сәдірмекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Е.Сатенов

      

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "13" тамыздағы
№ 409 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Аудан атауы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
республикалық бюджет есебінен
жергілікті бюджет есебінен
1
Ордабасы ауданы
4565
3130
1435

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "13" тамыздағы
№ 409 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
Балабақша
Мектеп жанындағы шағын орталық
Инклюзивті білім беруді іске асыратын мектепке дейінгі ұйым
20903
12578
45727

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "13" тамыздағы
№ 409 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
337,35
7084,35

      
      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады