Сайрам ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 213 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 8 сәуір 2016 жылғы Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
      Аудан әкімі С.Сапарбаев

      Аудан әкімдігінің 28 сәуір 2016
жылғы № 213 қаулысына қосымша

Сайрам ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Аудан әкімдігінің 14 қаңтар 2015 жылғы № 55 "Сайрам ауданының ауыл округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2999 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда, 13 наурызда, 20 наурызда, 27 наурызда, 3 сәуірде "Мәртөбе" газетінде жарияланған);
      2. Аудан әкімдігінің 10 ақпан 2015 жылғы № 130 "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3033 тіркелген, 27 ақпан 2015 жылы "Мәртөбе" газетінде жарияланған);
      3. Аудан әкімдігінің 10 ақпан 2015 жылғы № 133 "Сайрам аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3057 тіркелген, 20 наурыз 2015 жылы "Мәртөбе" газетінде жарияланған);
      4. Аудан әкімдігінің 27 қаңтар 2016 жылғы № 78 ""Сайрам ауданының ауыл округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Сайрам ауданы әкімдігінің 14 қаңтар 2015 жылғы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3595 тіркелген, 22 наурыз 2016 жылы "Мәртөбе" газетінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады