Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 234 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсеитовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Парманов

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
"29" сәуір 2016 жылғы
№ 234 қаулысына қосымша

Сарыағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 46 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2557 болып тіркелген, "Сарыағаш" газетінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 39-41 (11370) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 47 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2558 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 39-41 (11370) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      3. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 579 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 45 (11490) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      4. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 710 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 579 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 2-3 (11499-11500) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      5. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 ақпандағы № 48 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3585 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 11-12 (11508-11509) нөмірінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады