"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Парманов |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 48 қаулысымен бекітілген |
2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с | Ұйымдардың атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Адам саны | Қоғамдық жұмыстардың көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | Қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты | көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау | 542 | 6513460 шаршы метр | аудандық бюджет |
2 | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі | Қарулы Күштері қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізу, шақыру қағаздарын жеткізу | 8 | қала, кент, ауыл және ауылдық округтер аумағында | аудандық бюджет |
3 | "Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі | жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықты бұзуды алдын алу ("Сақшы" және "Тәртіп") | 200 | қала, кент, ауыл және ауылдық округтер аумағында | аудандық бюджет |
| Жалпы | | 750 | | |