"Созақ ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 410 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 ақпандағы № 118 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Созақ ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2926 тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулыcының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады