Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3689 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы № 21 (17110) "Дидар", 2015 жылғы 21 ақпандағы № 21 (19618) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |