Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/43-VI шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Е. Нұрбаев
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2016 жылғы 14 шілдедегі
№ 5/43-VI шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/232-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3316, 2014 жылғы 26 мамырда № 58 "Дидар", 2014 жылғы 27 мамырда № 59 "Рудный Алтай" газеттерінің сандарында, 2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
      2. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының регламентiн бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi № 19/232-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/358-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4025, 2015 жылғы 17 шілдеде № 83 "Рудный Алтай", 2015 жылғы 18 шілдеде № 80 "Дидар" газеттерінің сандарында, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
      3. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 36/436-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4412, 2016 жылғы 27 ақпанда № 23 "Рудный Алтай", 2016 жылғы 29 ақпанда № 23 "Дидар" газеттерінің сандарында, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады