Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 14967 қаулысы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 10.03.2016 № 15228 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1, 43-1-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 3652 "Соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қатарынан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған тұлғаларды әскери құрметпен жерлеуге және қабірлеріне құлпытастар орнатуға жұмсалған шығындардың орнын толтыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-121 тіркелген, 2009 жылғы 21 қазанда "Дидар", 2009 жылғы 21 қазанда "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 06 қаңтардағы № 3198 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 3652 "Соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қатарынан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған тұлғаларды әскери құрметпен жерлеуге және қабірлеріне құлпытастар орнатуға жұмсалған шығындардың орнын толтыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына өзгерту енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3185 тіркелген, 2014 жылғы 06 ақпанда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 10.03.2016 № 15228 қаулысымен.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апталық мерзімде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса берумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апталық мерзімде ресми жариялау көздеріне осы қаулының көшірмесін қоса берумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады