Соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қатарынан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған тұлғаларды әскери құрметпен жерлеуге және қабірлеріне құлпытастар орнатуға жұмсалған шығындардың орнын толтыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 3652 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қазанда № 5-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 14967 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.02.2016 № 14967 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 17 бабына, 13 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қатарынан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған тұлғаларды әскери құрметпен жерлеуге және қабірлеріне құлпытастар орнатуға жұмсалған шығындардың орнын толтыру қайтыс болған адамның қайтыс болған күнінен бастап алты айдан кешіктірмей келесі құжаттарды тапсырғанда өтініш иесі көрсеткен мекенжай бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізілсін:
      1) шығындардың орынын толтыру туралы өтінішті;
      2) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатты;
      3) алынып тасталды - Өскемен қаласы әкімдігінің 06.01.2014 № 3198 қаулысымен;
      4) қайтыс болған адамның өлімі туралы куәлігін;
      5) қайтыс болған адамның мәртебесін және Өскемен қаласындағы тіркелімін растайтын құжаттарды;
      6) шығындарды растайтын құжаттарды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 06.01.2014 № 3198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады