Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 02 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1 тармағына, 21-1 бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы К.М. Ларионовқа жүктелсін.
      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

  2016 ж. "06" қаңтар № 2
әкімдіктің қаулысына
қосымша

Риддер қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "2015 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1151 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда № 3608 болып тіркелді, 2015 ж. 9 қаңтарда № 2 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      2. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1152 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда № 3610 болып тіркелді, 2015 ж. 9 қаңтарда № 2 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      3. "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 124 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 3704 болып тіркелді, 2015 ж. 13 наурызда № 11 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      4. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1152 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 677 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 4041 болып тіркелді, 2015 ж. 07 тамызда № 32 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      5. "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 124 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 989 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 қазанда № 4183 болып тіркелді, 2015 ж. 06 қарашада № 45 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады