Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Б. Дүйсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Әкімдіктің 2015 жылғы "03" ақпан № 124 қаулысына қосымша |