Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 138 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Абай ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 22 шілдеде 4609 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 28 (388) 24 - 31 шілде 2016 жылғы нөмірінде жарияланған);
      2) "Абай ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 95 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 12 шілдеде 4595 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 28 (388) 24 - 31 шілде 2016 жылғы нөмірінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мұқажанға жүктелсін.
      Аудан әкімі Т. Мүсәпірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады