"Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің "Қалижан" шаруа қожалығындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 2 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 212 ұсынысы негізінде Қарабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары ауыл шаруашылық малдар арасында бруцеллез ошағын жою мақсатындағы малдәрігерлік шұғыл жоспар көлемі толығымен орындалуына байланысты алынып тасталсын.
      2. 2016 жылдың 5 мамырдағы № 1 Қарабас ауылдық округі әкімінің "Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі Қарабас ауылында және "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (2016 жылдың 11 маусымында аудандық "Бесқарағай тынысы" газетінің № 49 санында жарияланған, нормативтік құқықтық актілер реестірінде 1 мамыр 2016 жылы тіркелген № 4555) "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары деген бөлігі күшін жойды деп саналсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Қарабас ауылдық
      округінің әкімі О. Болысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады