Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 маусымда № 4555 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 28.03.2017 № 1 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 77 ұсынысы негізінде Қарабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ірі қара малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары орнатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарабас ауылдық округінің әкімі О. Болысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады