Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 273 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 28 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 08 қазанда № 4169 болып тіркелген (2015 жылы 12 қарашада № 89 (8869) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 273 "Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-сі (Р. Касенов) аудан бойынша жұмыс орындарының квотасын белгілеу бойынша аудан әкімдігінің жаңа редакциядағы қаулысын әзірлесін және осы қаулыдан туындайтын басқа да тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады