Жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы N 273 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қазанда N 4169 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 17.02.2016 № 28 қаулысымен.
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жарма аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Т. Каимулдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады