Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зайсан ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.М.Андырбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Қасымжанов |
Зайсан ауданы әкімінің 2016 жылғы "06" қыркүйектегі № 8 шешіміне қосымша |
Зайсан ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі.
1. Зайсан ауданы әкімінің "Зайсан ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын белгілеу туралы" 2015 жылғы 26 қазандағы № 8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 қарашада № 4243 тіркелген);2. "Зайсан ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын белгілеу туралы" 2015 жылғы 26 қазандағы Зайсан ауданы әкімінің № 8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 4342 тіркелген) шешімі.