"Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы N 157 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 - бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 35 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген, "Пульс Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Зырян ауданының әкімі А. Кәрімов

  2016 жылғы 17 мамыр
№ 157 қаулысымен бекітілді

"Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы бөлім

      1. "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) жергілікті мемлекеттік басқарудың жеке функцияларын орындауға, білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, қосымша білім беру ұйымдарының қызметін басқару, үйлестіру және бақылауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық нысандардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, академик Арықтай Каюпов көшесі, 54.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Зырян ауданы аумағында нәтижеге бағытталған сапалы, бәсекеге қабілетті білімге қолжетімділікті қамтамасыз ететін білім беру, сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыру.
      15. Бөлімнің негізгі міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
      6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
      8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
      9) мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуына арнайы жағдай жасау;
      10) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қаупсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету;
      11) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету;
      12) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      13) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны өркендету;
      14) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету.
      16. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      7) жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларын, аудан (қала) ауқымында байқауларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
      8) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      10) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
      11) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      13) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      14) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      15) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      16) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      17) бұқаралық демалу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады;
      18) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;
      19) облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
      20) Зырян ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
      21) Зырян ауданының аумағында ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
      22) спортшыларға спорттық разрядтарды табыс етеді: 2 разрядтты спортшы, 3 разрядтты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтты спортшы;
      23) спорттық біліктілік санаттарын табыс етеді: екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілік деңгейі орта, екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші санаттағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
      24) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
      25) Зырян ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді;
      26) Зырян ауданының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету жөніндегі облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады;
      27) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді;
      28) арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медицинамен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
      29) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      30) Зырян ауданының аумағында спорттық құрылымдарды салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      31) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      32) ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
      33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басқа да уәкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Бөлім құқылы:
      1) мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағыныстағы мекемелерден және лауазымды тұлғалардан мемлекеттік органның құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпараттар сұрауға және алуға;
      2) өз құзыреті шектерінде білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін нормативті актілерді әзірлеуге және бекітуге, білім беру жүйесін жетілдіруді дамыту және оқу-тәрбие үрдісінің жоғары соңғы нәтижелеріне жету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға;
      3) ведомстволық бағыныстағы мекемелердің бұйрықтарын толық немесе ішінара жоюға немесе тоқтатуға;
      4) ведомстволық бағыныстағы мекемелерді тексеруге;
      5) өз құзыреті шектерінде ведомстволық бағыныстағы мекемелердің оларды ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты дұрыс, тиімді жоспарлау, орналастыру және пайдалануына тексеру жүргізуге;
      6) мемлекеттік органның құзыреті шектерінде мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестікті, сонымен қатар салааралық және аймақаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
      7) осы ережеде, қолданыстағы заңнамада, жасалған шарттарда белгіленген құзыреті шектерінде басқа мекемелермен, ұйымдар және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынастар орнатуға;
      8) белгіленген тәртіпте білім беру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттауға, құрметті атақтар тағайындау үшін кандидатураларды ұсынуға;
      9) шартты бастамалар және контракт негізінде білім беру, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуін іске асыруды әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, орталықтарды, жеке, оның ішінде шетелдік ғалымдарды тартуға, білім беру, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша ақпараттар жинауға және таратуға, өзінің баспа органдарының болуына;
      10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      18. Бөлім міндетті:
      1) жеке және заңды тұлғалардың сұранысы бойынша Білім беру бөлімінің құзыретіндегі мәселелер бойынша, қызметтік және заңмен сақталатын құпялардан басқа ақпараттарды беруге;
      2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) Бөлім құзыретіне енетін өзге міндеттерді орындауға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. Бөлім басшысын Зырян ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      22. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
      6) Зырян ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжирбиелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыртын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы тиісті.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі

      1) "Зырян қаласының № 6 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Зырян қаласының № 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Зырян қаласының № 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Зырян қаласының № 9 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Зырян қаласының № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Зырян қаласының мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Серебрянск қаласының № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Серебрянск қаласының М.В. Инюшин атындағы № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Серебрянск қаласының № 2 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Зырян қаласының № 1 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Зырян қаласының № 2 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "№ 1 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "№ 2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Октябрьск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Первомайское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Зубовск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Маяк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) "Бородино орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) "Никольск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Чапаев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) "Тұрғұсын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) "Парыгин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) "Соловьев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) "Средигорное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25)"Первороссийское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) "Киров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) "Шірікқайың негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) "Леснопристань орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) "Путинцево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) "Быково негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) "Кремнюха негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) "Подорленок негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) "Новокрестьянка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) "Васильевка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) "Дородница негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) "Северное негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      37) "Крестовка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      38) "Снегирево бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      39) "Александровка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      40) "Андреевка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      41) "Зырян ауданының №10 "Ладушки" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      42) "Зырян ауданының №14 "Катюша" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      43) "Серебрянск қаласының №7 "Салтанат" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      44) "Зырян ауданы әкімдігінің "Сказка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      45) "Зырян ауданы әкімдігінің "Радуга" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      46) "Зырян ауданы әкімдігінің "Қарлығаш" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      47) "Зырян ауданы әкімдігінің "Жасмин" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      48) "Зырян ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      49) Зырян ауданы білім беру бөлімінің "Серебрянск қаласының балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      50) Зырян ауданы білім беру бөлімінің "Жас натуралистер станциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      51) Зырян ауданы әкімдігінің "Зырян қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      52) Зырян ауданы әкімдігінің "Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      53) Зырян ауданы әкімдігінің "Жаңа Буқтарма кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      "Зырян ауданының білім,
      дене шынықтыру және спорт бөлімі"
      ММ басшысы А. Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады