Катонқарағай аудандық әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 1, 2 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 жылғы 24 наурыздағы Заңының 2-бабы 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Катонқарағай ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 78 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 3851 тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 29 "Арай-Луч" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Т.Құрмамбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Катонқарағай ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Рақышева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады