Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 22-бабы негізінде, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4368 тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпандағы № 6 (7890) "Арай-Луч" аудандық газетінде жарияланған) № 560 Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Нұрғожин |