Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 мамырдағы "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 279 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 мамырдағы № 279 "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2015 жылы 17 тамыздағы аудандық "Тарбағатай" газетінің № 64 (7959) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Ескендировқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады