Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі "Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 455 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 138 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 455 "Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4116 болып тіркелген, 2015 жылы 17 қыркүйектегі аудандық "Тарбағатай" газетінің № 73 (7968) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.К. Ескендировқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады