Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 166 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3139 нөмірімен 2014 жылғы 8 қаңтарда тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 9 (7729) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі | Д. Батырбаев |