Үржар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі "Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" № 164 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы № 93 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес,Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Үржар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі "Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2014 жылғы 28 мамырдағы № 3366 болып тiркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы № 71-72 "Уақыт тынысы/Пульс времени" аудандық газетінде жарияланған) № 164 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы Н. Қараталовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Сеитқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады